Ақпараттық саясат департаменті әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша жүй...
Алматы облысында дөңгелек зауыты өртенді
Фото: ТЖМ
2409
Алматы облысы Талғар ауданының Жаңалық ауылы маңында орналасқан дөңгелек зауыт отқа оранды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері тілсіз жаумен арпалысып жатыр.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, алапат өртті ауыздықтау жоғары температура мен үлкен өрт жүктемесіне байланысты қиындай түскен.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, делінген хабарламада.