Сенатор Марат Қожаев Талғарда 16 жастағы баланы өлтірді деп күдікке ілінгендерді ашық түрде соттау к...
Құдықтан су таситын ең кедей президент кім?
Бір елді аузына қаратып, ел басқарған президенттерді әдетте үлде мен бүлдеге орынған, қалағаны орындалатын адам ретінде елестетеміз. Алайда қарапайымдылықты серік етіп, "халықтан үлкен емеспіз" деп, кішіпейілдік танытқан президенттер де бар. Әлемдегі ең қарапайым және ең кедей президенттерді Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады.
3-орын: Джимми Картер, (1977-1981) жылдар аралығында АҚШ-тың президенті болған.
Джимми Картер АҚШ-ты 4 жыл ғана басқарған. Қазір ол – 94 жаста. Ол өзінің әйелімен бірге кішкентай үйде тұрып жатыр. Ол президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін бизнеспен айналысқан. Алайда бәрі сәтсіз аяқталды. Сондай-ақ ол 210 мың доллар президенттік зейнетақы алады. Қазіргі таңда ол үй шаруашылығын қадағалап, салауатты өмір салтын ұстанады.
2-орын: Махмуд Ахмадинежад (2005-2013) жылдары Иранның президенті болған.
Ол әлемдік аренада АҚШ-қа түрлі санкциялар арқылы қарсылық білдіріп отырған. Махмуд Ахмединежад президент болған кезде оның меншігінде әкесінен мұраға қалған Ирандағы ең кедей ауданда орналасқан лашығы мен ескі көлігі болған.
Сонымен қатар, ол қымбат дүниелерге қызықпаған. Тіпті президент болған кездің өзінде кабинетіндегі қымбат кілемдерді арзан кілемдерге ауыстырған. Ал персиялық қымбат кілемдерді мешіттердің біріне беріпті. Жұмысқа жұрт қатарлы автобуспен барып, түскі асқа әйелі ірімшік қосып жасаған бутербродты жеген. Ең қызығы, президенттік зейнетақыдан бас тартып, университеттердегі жұмысы арқылы күнін көріп жүр.
1-орын: Хосе Альберто Мухика Кордано, (2010-2015) жылдары Уругвайдың президенті болған.
Оны әлемдегі ең кедей президент деп те атайды. Қазір ол – 83 жаста. Өзінің ай сайын берілетін 12 500 доллар президенттік зейнетақысының 90 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды. Өзі 1250 долларға күн көріп жүр. Уругвайдың экс-президенті әйелімен бірге шаруа қожалығында тұрады. Суды құдықтан тасиды. Сондай-ақ, ең қымбатқа алған дүниесі 2000 долларлық – 1987 жылғы көлік. Тіпті ресми түрде сақтандырылмаған.
Түйін: Олардың зәулім сарайда тұрып, ауқатты өмір сүруге мүмкіндігі болған жоқ емес, болды. Алайда олар байлықтан бас тартты. Президенттік мерзімде қалтасының қамын емес, халықтың әл-ауқатын, жағдайын ойлады. Жай ғана халықтың алдында өз міндеттерін адал атқаруға тырысты. Тарихта ең залым, ең қомағай хан ретінде де немесе ең қарапайым, ең адал патша ретінде де қалуға болады.