Атыраудағы оқиға: “Хакер жігіт” болып танылған азамат ұсталды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
845

Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалып кетуін өздігінше зерттеген "хакер" ретінде ел арасында танылған ер адам Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ІІМ ақпаратына сәйкес, 19 маусымда Түркиядан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

Тергеу мәліметі бойынша, ер адам 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген деп күдіктеліп отыр.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Әлем

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Қарулы адамдар полиция қызметкерлері о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Осыдан бір ай бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік төлемдер мен...