«Баланы кім туар еді»: Ерке Есмахан оқырмандарына назын айтты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1664

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде толып кеткенін «бетіне басқан» оқырмандарына өкпелеп қалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

«Кішкентай ғана батырым, мамасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар», - деп жазды әнші.

Ерке Есмахан көп ұзамай сырт келбетін 90-60-90 өлшеміне келтіріп алатынын атап өтті.

«Сөзім сөз», - деп уәде берді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...