Ақтөбелік емші алдына келген науқастарға несие алдырған

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2296

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Іс материалдары бойынша, Сұлушаш есімімен өңірге танымал келіншек науқастарға миллиондап несие алдырған. Қызығы сол, алданғандар қалай басы айналып қалғанын білмейді.

Емшіге қатысты алғашқы сот процесіне келушілер көп болды. 95 адам жәбірленуші деп танылған. Ең қызығы, оның ішінде емшінің ет жақын туыстары да, сыныптастары мен ауылдастары да бар.

"Дем саламын" деп, бәрінің басын айналдырған. Жәбірленушілер гипнозда жүргендей күй кештік, несиені қалай алып, қолма-қол қалай санап бергенімізді білмей қалдық деп отыр. Халық емшісінің келтірген жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа...

Әлем

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені...