Елге белгілі Нұрлан имам "1001 түн" бағдарламасында тікелей эфирде ораза жайлы сұрақтарға жауап бере...
Путин, Си Цзиньпин және Трамп бірлескен мәлімдеме жариялады
Фото: әлеумеитік желі
Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және АҚШ президенті Дональд Трамп Шэньчжэньде өткен үшжақты кездесуден кейін бірлескен декларация жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Келіссөз 19 қарашада Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығының (АТЭС) саммиті аясында өтіп, шамамен бір жарым сағатқа созылды, деп Malim.kz тілшісі Қытай үкіметінің ресми сайты мен РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері саналатын үш ел БҰҰ-ны реформалауға бейілді екенін мәлімдеді. Декларацияда ұйымның жаһандық сын-қатерлерге тиімді жауап беруі және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау міндетін атқаруы үшін реформа қажет екені айтылған.
Тараптар мұнай өнімдерін өндіру мен жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Олар энергия ресурстарын тұрақты жеткізудің маңызын да атап өтті.