Қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
231

Сот ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитетінің бұрынғы басшысын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу ісі бойынша кінәлі деп танып, 6 487 500 теңге айыппұл салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сотта бұрынғы басшының жұмыс орнында әріптесін жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені анықталды.

Үкім шыққаннан кейін полиция полковнигі әлеуметтік желідегі парақшасында кінәсіздігін дәлелдеуді жалғастыратынын мәлімдеді.

“Мен соңына дейін кәсіби этиканы сақтап, ұстамдылық пен құрмет таныттым. Бірақ бәрінің де шегі бар. Енді кезек маған келді. Мен бұл істі заң аясында, ашық түрде және берік ұстаныммен соңына дейін жеткізуге бел будым”, – деп жазды ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресей президенті Владимир Путин, Қытай төрағасы Си Цзиньпин және АҚШ президенті Дональд Трамп Шэньчж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда әріптесіне қол көтерді деген күдікпен 19 жастағы ер адам қамауға алынды. Полиция оқиғаға қа...