Армида Салсия Алишахбана, БҰҰ Бас хатшысының орынбасарыӘлемдік жетекші ғалымдар мен сарапшылар осы а...
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне ұлттық мәртебе берілді
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
69
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне ұлттық мәртебе берілді. Мемлекет басшысы III Стратегиялық серіктестер форумында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Әуезов университеті – аймақтағы ең ірі жоғары оқу орны. Шаһардағы әрбір бесінші студент осы университетте оқиды. Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс», - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шымкент қаласын оңтүстік аймақтағы ірі ғылым және білім орталығы ретінде дамыту қажеттігін де атап өтті.