Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік...
Құрылтайда 6,5 мың педагогтың жалақысына қатысты мәселе көтерілді
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Айтуынша, елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңға жуық балаға 6,5 мың педагог-ассистент қолдау көрсетеді.
Алайда олардың жұмыс уақыты мен еңбекақысын есептеу тәртібі әлі де нақтылауды қажет етеді.
Оның сөзінше, бұрын олардың апталық нормативтік оқу жүктемесі 16 сағат болған.
Ал қазіргі тәртіптегі түсініксіздіктер өңірлерде жұмыс уақытын әртүрлі есептеуге әкеліп отыр.
Ол оқу-ағарту министрлігіне:
аптасына 16 сағаттық нормативтік жүктемені нақты бекітуді;
баламен жұмыс істеу және сабаққа дайындалу сияқты міндеттерге кететін уақытты есепке алуды;
жалақы мен жұмыс жүктемесін есептеудің бірыңғай тәртібін енгізуді ұсынды.