Жамбыл аудандық соты екі лауазымды тұлғаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .
Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот материалдарына сәйкес, екі жағдайда да ауылдық округ әкімдері жер телімдерін өз туыстарына рәсімдеген. Олар бұл әрекеттері туралы басшылықты хабардар етпей, мүдделер қақтығысына жол берген.
Мәселен, 2024 жылдың желтоқсанында Полатқошы ауылдық округі әкімінің жұбайының анасына бау-бақша өсіруге арналған 0,0692 гектар жер телімі берілген. Араға екі ай салып, бұл жердің мақсаты өзгертіліп, коммерциялық мақсатқа пайдалануға көшірілген.
Ал Қаратөбе ауылдық округі әкімінің туған әпкесі 0,1 гектар жер теліміне құқық иеленіп, бұрын жалға алып келген тағы бір жер телімін жеке меншігіне рәсімдеген. Бұдан бөлек, әкімнің жұбайының әкесіне де көлемі 0,35 гектар болатын жер телімі берілген.
Сот әкімдердің мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша ешқандай шара қолданбағанын анықтады. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 680-бабы талаптарына қайшы келеді.
Әкімдердің екеуі де кінәсін мойындады. Оларға 275 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот қаулылары заңды күшіне енді.