Росавиация Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл тур...
Құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: Астанада кран жүргізушісі қаза тапты (ВИДЕО)
видеодан скрин
Астанада Salman City тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында қайғылы жағдай болды. Құрылыс краны құлап, оны басқарған оператор оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиға 27 тамыз күні шамамен сағат 16:30-да Қазыбек би көшесі, 41/1 мекенжайында болған.
Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде кран құлаған. Салдарынан кран жүргізушісі ауыр жарақат алған.
«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы болған жағдайды растады. Ер адам өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алған. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.