Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасының өсуіне уақытша мораторий енгізу тетігін түсіндірді,...
Депутаттар жеке қалтасынан 146 млн теңге жинады: қаржы сарбаздардың отбасыларына беріледі
Ақорда
Құрылтай депутаттары Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсету үшін 146 млн 650 мың теңге жинады. Қаражат депутаттардың жеке қаражаты есебінен жиналған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай мен депутаттар қайғы құшқан отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ерікті түрде қаражат жинау бастамасын қолдады. Жиналған қаржы «Ұлттық рух» қорына аударылады. Қаражат жинау әлі де жалғасып жатыр.
Жарияланған мәліметке сәйкес, депутаттар Айдарбек Қожаназаров, Руслан Идрисов, Мейірхат Қасымбаев, Бекжан Айтқұлов және Махамбет Хасенов әрқайсысы 20 млн теңгеден көмек көрсеткен. Олардың Құрылтай депутаты ретінде ресми тіркелгені Орталық сайлау комиссиясының тізімінде де көрсетілген.
Сондай-ақ Дана Медеуова, Айжан Наимбекова және Бауыржан Жамалов әрқайсысы 10 млн теңгеден, Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамбедиев және Мұса Хайруллиев әрқайсысы 5 млн теңгеден аударғаны хабарланды. Бегалы Ералиев 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.
Құрылтай Бюросының бүгінгі отырысы Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Айбек Дәдебай марқұмдардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
