18 жастағы Іңкәр Ислам Ақтаудың ең сұлу аруы атанды (ВИДЕО)

Фото: Іңкәр Исламның жеке архивінен

ЖАҢАЛЫҚТАР
1560

Ақтауда өткен сұлулық сайысының жеңімпазы анықталды. Бұл атаққа 18 жастағы Іңкәр Ислам ие болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.   

Бұл туралы Lada.kz жазды.

Байқауда 15 бойжеткен бақ сынады. Олар дефиле, таланттар шоуы және өзге де кезеңдерден өтті.

Керемет әсер алдым! Бұл – сұлулыққа, эмоция мен ерекше әсерге толы оқиға болды. Байқау талантты әрі мақсатшыл қыздардың басын қосты, әрқайсысы өзінше ерекше. Осы сайыстың арқасында өз-өзіме сенімділігім артып, әр сәттен ләззат алдым. Бұл мен үшін алға ұмтылу әрі мотивация көзіне айналды, – деді Іңкәр Ислам.

Іңкәр дайындыққа аса жауапкершілікпен қарағанын атап өтті: жүрісін, сөйлеу мәнерін, шығармашылық нөмірін және сахнадағы келбетін мұқият пысықтаған.

Біздің мақсатымыз – Ақтаудың заманауи қыздарының сұлулығын, өзіне сенімділігін және белсенді өмірлік ұстанымын көрсету. Бұл байқау жастарды шығармашылық дамуға, өзіне деген сенімін арттыруға жетелейді деп ойлаймыз, – деді ұйымдастырушылар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...