Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
782

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелетке толмаған бес баласының алдағы тағдырына қатысты жеке қаулы шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы үкімді жариялау кезінде істі қараған судья Зарема Хамидуллина мәлімдеді.

«Сот балалардың одан арғы қамқорлығы мен орналастырылуына қатысты мәселелерді Атырау облыстық Білім басқармасына жүктеу туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар Қызылқоға ауданы әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқандардан қалған үйге балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мақсатында мұрагерлік рәсімдерін ресімдеу тапсырылды», – деді судья.

Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласы бар. Олардың кенжесі 2025 жылы дүниеге келген. Алғашында балаларға сотталған азаматтың анасы қараған. Алайда 2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия балаларды мемлекеттің қамқорлығына беру туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі таңда үш жастан тоғыз жасқа дейінгі төрт бала Атырау қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатыр. Ал ең кенже сәби мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылған.

Еске салайық, бір күн бұрын сот Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...