Гүлшара Әбдіхалықова мемлекеттік степендия иегерлерімен кездесті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3866

Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегерлерімен кездесті.

Өткен жылдың соңында еліміздің бірқатар өнер қайраткерлері ҚР тұңғыш президенті Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері атанған болатын.

«Отанды, туған жерді сүю, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді ұлықтау бабалара арманының басты шарты. Адамзат қуанышын ұлғайтатын рухани бай, саламаты мол бабалар тәрбиесінен тағылым алған азаматтар оны дәлелдейтін елдің әдебиеті мен өнері. Бүгінгі таңда ұлтымыздың тарихи танымын үзбей жалғап келе жатқан және мәдениетіңміз бен әдебиетіміздің дамуына зор үлестерін қосып келе жатқан құрметті қайраткерлерімізге шексіз алғысымызды айта отырып, барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін», - деді министр А. Мұхамедиұлы.

Әділет МҰСАХАЕВ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...