Ақын Дәуірбек Дүйсебаевтың Астанада жыр кеші өтеді2018 жылғы 13 мамырда Астанадағы Ұлттық академиялы...
Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен туристерді жерге түсірді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
1870
Іле Алатауы тауларында құтқарушылар үш адамды құтқарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылдары туған үш жас жігіт тауға шыққан. Олар қараңғыда «Лесной» асуынан төмен түскен кезде адасып кетіп, құтқарушылардан көмек сұраған.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген мәліметте.