Қазіргі президент экс-президенттің бар атағын алып тастады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1187

Жапаров Атамбаевты мемлекеттік атақтарынан айырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шешімімен елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік жоғары наградаларынан айырылды.

Атап айтқанда, Алмазбек Атамбаев елдегі ең жоғары айрықша дәреже — «Қырғыз Республикасының Батыры» атағынан, сондай-ақ «Манас» орденінің II дәрежесінен, «Данакер» орденінен және «Даңқ» медалінен айырылды.

Бұл шешім ресми жарлық негізінде қабылданған. Мемлекет басшысы мұндай қадамды мемлекеттік марапаттар туралы заңнама аясында жүзеге асырғаны хабарланды.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011–2017 жылдар аралығында басқарған. Соңғы жылдары оның аты бірқатар қылмыстық істер мен саяси дау-дамайлар аясында аталып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...