Қазақстандық журналист ауыл шаруашылығы саласындағы әлемнің үздік қатарына енді, деп хабарлайды Made...
Тамара Асар сүйінші жаңалығын айтты
ашық дереккөз
Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуанышын жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің сөзінше, әкесінің отбасында көптен күткен нәресте өмірге келген. Бұл қуанышты сәт қасиетті Рамазан айы мен Амал мерекесінің қарсаңына тұспа-тұс келген.
«Сүйінші, қадірлі ағайын! Амал-Наурыз кезінде, қасиетті ораза айында әкемнің шаңырағына көптен күткен қуаныш келді. Берекелі үйге қос қуаныш қатар келіп, жеті жылдан бері аңсаған сәби дүниеге есік ашты. Мен оның кіндік шешесі атандым. Бұл сәбиді бар жүрегіммен тілеп, ерекше үмітпен күттім. Алла тілегімізді қабыл етіп, қолымызды бос қайтармады, шүкір. Осындай қуаныш сіздерге де жұғысты болсын!», – деді ол.
Сондай-ақ Тамара Асар нәрестеге ерекше есімді өзі таңдағанын айтты.
«Сәбиге Әнұза деген есім бердім. Бұл атты інім мен келінімнің өмірі әндей әсем, ғұмыры ұзақ болсын деген ниетпен қойдым. Қалнияз Әнұза Сертайқызы есімді сүйкімді қарындасым, кіндік қаны тамған сәби болып, баршаңызға сәлем жолдап жатыр. Төрт жыл бұрын жарыққа шыққан “Әлди” әнімнің басын бүгінде сексен жасқа келген анам орындап отыр. Ал іңгәлаған үн — Ажартайдың ең алғашқы дауысы. Амал мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақ сәби үніне толсын!», – деп жазды Тамара Асар.