Бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан құрылған «Кәусәр» мәдени-т...
"Қыдыкеңнің бұлай ауырғанын көрмеппін": Қарақат Әбілдина жеке концертіне байланысты шұғыл мәлімдеме жасады
ашық дереккөз
Танымал әнші Қарақат Әбілдина Астанада жоспарланған жеке шығармашылық концертінің күні ауыстырылғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
"Не болды деп алаңдап, хабарласып жатқан тілеулестерім, рақмет!
Білесіздер, 20 мамыр күні яғни бір күннен кейін Астанада концертіміз. Соның шаруаларымен шақыру бар, басқа да сұрақтармен кеше үйде отырғанбыз. АЯҚ АСТЫ Қыдекең өзін жайсыз сезініп, тынысы тарылғандай болып, қатты мазасы қашты. Бұрын олай ауырғанын көрмеп- ем, қорқып кеттім. Дәрігерге жедел келдік. Мамандардың көмегімен шүкір бүгін жағдайы тұрақталып, беті бері қарады.
Алайда, Қыдырға кем дегенде әлі 15 күн ем қабылдау керектігін, сахнаға шығуға болмайтынын түсіндірді ...
Тура осы тұста, 'мәссаған','концерт-ше'- деп, не ойлап не қоярымды білмей отырған күйі әлі отырмын!...", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасындағы сторисінде.
Аз уақыттан кейін Қарақат Әбілдина продюсері Қыдырәлі Болмановтың сырқаттанып қалуына байланысты шұғыл мәлімдеме жасады.
"Құрметті ән сүйер қауым!
Біріншіден - концертімізге ықылас танытқандарыңызға * аншлаг" үшін шексіз алғыс!
Екіншіден - денсаулықтан асқан байлық жоқ екенін тағы бір түсіндік...
Сәуірден басталған ән сапар бізге оңай болған жоқ. 12.000 км жол жүріппіз. Халықтың ыстық қошеметі мен ықыласы өзі көтеріп алып отырғанға тарта беріппіз.
Енді. Бастаған істің нүктесін қояйық десек, соңғы түйенің жүгі ауыр - болып, қырсығып қалғаны.
Қыдекеме көз тиді ме, сөз тиді ме?
Әйтеуір айналдырып кетті қайыры...
Сол себепті 20 мамырға жоспарланған концертімізді.18 маусымға ауыстыру жөнінде шұғыл шешім қабылдап отырмыз!", - деді әнші.