Балық аулауға барып, ажал құша жаздады: Таразда жасөспірім құтқарылды (ВИДЕО)

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
106

Тараз қаласында патрульдік полицияның екі қызметкері көлге құлап, өздігінен жағаға шыға алмаған 16 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы хабарлама «102» пультіне түскен. Тараз тұрғыны көлде жасөспірімнің батып бара жатқанын айтып, шұғыл көмек сұраған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілген. Белгілі болғандай, жасөспірім балық аулау кезінде абайсызда суға құлап кеткен. Көлге түскен ол тасқа ілініп қалып, өздігінен жағаға шыға алмаған.

Полиция аға лейтенанты Маханбет Шаянбаев пен полиция лейтенанты Қасымхан Қалаубек уақыт жоғалтпай суға секіріп, жасөспірімді қауіпсіз жерге алып шыққан.

«Құтқарылған азамат облыс орталығының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасөспірім жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Абырой болғанда, қазіргі уақытта оның жағдайы жақсы», – деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиғадан кейін жасөспірімнің ата-анасы ұлдарының өмірін сақтап қалған тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. Олар полицейлердің жедел әрекеті мен батылдығын ерекше атап өтті.

СПОРТ

Қазақстандық пара пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия П...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанға шетелден маймыл шешегі вирусының әкеліну қаупі бар. Алайда инфекцияның ел аумағында жа...