Қытайдан 20 жүк көлігін заңсыз әкелген үш адам сотталды

фото: faw-rus.ru

ЖАҢАЛЫҚТАР
27

Астанада Қытайдан 20 FAW жүк автокөлігін заңсыз әкелу схемасына қатысқан  үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды  MadeniPortal.k «24KZ» сайтына сілтеме жасап.

Техниканың іс жүзінде «Еуро-2» экологиялық класына жататыны, бірақ кедендік рәсімдеу кезінде жалған мәліметтері бар құжаттар арқылы «Еуро-5» стандартына сай ретінде көрсетілгені анықталды.

2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында «Нұр Жолы» және «Бақты» кеден бекеттері арқылы елімізге 20 жүк көлігі заңсыз кіргізілген. Олардың кедендік құны 285 млн теңгені құрады.

Кейіннен бұл техника коммерциялық құрылымдар арқылы өткізіліп, мемлекеттік сатып алу аясында «ҚАЖсервис» ЖШС-не жалпы сомасы 605 млн теңгеге сатылған. Сот үш айыпталушыны алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп тапты.

Сонымен қатар, сотталғандардан мемлекет кірісіне контрабандалық тауардың құны – 285 млн теңге ортақтаса өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.