Депутат Тұрлыхановтың ұлы желідегі видеодан кейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2858

Әлеуметтік желіде мәжілісмен Тұрлыхановтың ұлының тойда отырған видеосы тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол бас бостандығын шектеу жазасына кесілгеніне қарамастан, тойда жүргені ел назар аударды.

Екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Нұрасыл Болаттың бұл жүрісі елдің ашуына тиді.

Nur.kz тілшісі құзырлы органдардан мәселенің мән-жайын білді.

"Бұл сотталушы бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатыр және Алматы пробациялық қызметінде тіркеуде тұр. Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталушыға ескерту жасалды. Жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесі бойынша материал әзірленіп жатыр", - делінген ведомство жауабында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...