Қыздарын аяғына салып тербетіп ұйықтатады: Сәкен Майғазиевтің жұбайы әнші “қандай әке” екенін айтты

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
756

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева әлеуметтік желіде ерекше видеомен бөлісті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Динара ханымның айтуынша, қазіргі балалар әрқайсысы әрбір үйдің жалғыз баласындай көңіл бөлуді талап етеді.

“Біздің үйде үшеуінің мінезі үш түрлі. Әрқайсысы бір-бір ханшайымдай “внимание” талап етеді. Әкесі сапарда жүреді көбіне. Үйде болған уақытта әр балаға жеке-жеке көңіл бөліп, жеке-жеке аяғына салып тербетіп ұйықтатады кейде. Біреуін жақсы көрсек, “ал мен ше”деп тұрады. Кішісін көбірек жақсы көріп қоямыз енді. Ол кезде Мариям ренжиді “ал мен ше” деп. Раяна енді үлкен болғаннан кейін ақылды, салмақты, мейірімді. Мариям бізде капитан. Ал, Сафия - ерке”, - деп қыздары мен жары туралы ашылып айтқан. 

Динара Майғазиева сондай-ақ, Сәкен Майғазиевтің қарындастарының шашын жылатып тұрып өретін болған екен. Ол туралы да видеода өзі айтып берген. 

“Мен негізі Сәкеннің қарындастарының, әпкемнің қыздарының шашын жылатып тұрып өретінмін жас кезімде. Ал, қазір өзімнің қыздарыма келгенде бостау өрем, өздеріне ерік берем”.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жапонияда егде жастағы әйелдерді сағатына шамамен 3 300 иенге (20 АҚШ доллары) және жолақысына тең қ...

АЙМАҚТАР

Жексенбі күні қатты ыстық пен найзағайлы жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет»...