Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
97

Айбек Дәдебай бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясында ұсынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Президент жаңа Конституцияға сәйкес Құрылтай төрағасының кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынатынын атап өтіп, жауапты қызметке Айбек Дәдебайды лайық деп санайтынын жеткізді.

«Жоғарыда атап өттім, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыдан кейін Құрылтай депутаттары Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдап, оны Құрылтай төрағасы етіп сайлады.

Айбек Дәдебай бұған дейін мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар жауапты қызмет атқарған. Ол Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде де еңбек етті. Кейін «Әділет» партиясының төрағасы болды. Енді ол бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың жұмысын басқарады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадина Рашидқызы туралы ауылдағы көршісі пікі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын мәлім...