Қызылорда облысында жаттықтырушы шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
432

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 жастағы қыз бапкерінің екі жыл бойы өзін қорқытып, зорлық көрсеткенін айтқан.

«Бапкерім екі жыл бойы қорлап, қорқытып келді», – деген кәмелетке толмаған қыз.

Қазір күдікті қамауға алынған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл жағдай қоғамда балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесін қайта көтерді.

Белсенділер балалардың құқықтарын қорғауға жауапты мемлекеттік органдардың жұмысына жан-жақты тексеру жүргізіп, міндетін тиісті деңгейде орындамаған лауазымды тұлғаларға заң аясында шара қолдануды сұрап отыр.

Істің мән-жайы мен күдіктінің кінәсі тергеу нәтижесінде анықталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...