Қызылордада әйел жаңа туған нәрестесін 1 млн теңгеге сатпақ болған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
84

Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу және қоғамның, әсіресе өскелең ұрпақтың моральдық ахуалына теріс әсер ететін заңсыз контенттің таралуына тосқауыл қою бойынша кешенді шаралар қабылдап келеді,деп хабарлады MadeniPortal.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Cәуір айында ел аумағында ІІМ тарапынан кезекті ауқымды «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталды. 

«Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. Анықталғандай, 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қорда тұрған. Оның баладан бас тартуына байланысты қор жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс. 

Алматы қаласында қылмыстық мақсатта пайдалану үшін адам саудасымен айналысқан ұйымдасқан топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды іздеп тауып, олардың жалған оң несие тарихын қалыптастырып, кейін сол адамдардың атына Алматы және Шымкент қалаларында қымбат автокөліктер рәсімдеп, одан әрі сатуға бағытталған. Қазіргі уақытта негізгі ұйымдастырушылар ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Египеттің ең танымал курорттарының бірі – Хургадада ойын-сауық шоуы кезінде турист қаза тапты,...