Алматы облысында сот залынан қашқан қылмыскер қолға түсті

Фото: Алматы облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
2367

Полиция бала зорлады деген күдікке ілінген азаматты ұстады. Ол Алматы облысы Ақши ауылынан табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, күдікті 1 сәуірде Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотынан қашқан.  Ол бала зорлады деген күдікпен, «Зорлау» бабы бойынша айыпталған.

Іздестіру жұмыстарын облыстың полициясы және Ұлттық ұлан күштері жүргізді. Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарына тартылған.

Енді ер адамға негізгі қылмысынан бөлек, қамаудан қашқаны үшін қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды.

Әлем

Сербия астанасы Белградта Ресей азаматы танысының пәтерінен өлі табылды. Марқұмның беті мен қолынан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда бірнеше рет алаяқтық жасаған 32 жастағы Нұрлан Жанбырбаев 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталд...