Қызылордада аттракционда жасөспірім ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
339

Қызылорда қаласындағы ойын-сауық саябағында болған ауыр оқиға салдарынан жасөспірім ауыр жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, аттракционда орын алған төтенше жағдай кезінде бала екі аяғынан айырылып, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектің барлығын көрсетіп жатыр.

Осыған байланысты туыстары мен жақындары тұрғындарды қан тапсырып, көмек көрсетуге шақырды.

«Бала екі аяғынан ауыр жарақат алды. Қан кетуі тоқтамай жатыр. Мүмкіндігі бар азаматтардан қан тапсырып, қолдау көрсетуді сұраймыз. Баланы аман алып қалуға көмектесейік», – делінген әлеуметтік желілерде тараған үндеуде.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға аттракцион жұмыс істеп тұрған сәтте болған. Дегенмен қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық полиция департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына ресми сауал жолданды. Құзырлы органдардың жауабы алынғаннан кейін ақпарат толықтырылатын болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...