Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестені спиртпен күйдірді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1908

Қызылордада медициналық қызметкерлер процедура кезінде жаңа туған нәрестенің аяғын күйдіріп қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

RОқиға Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында болған. Жоғары қан қысымы байқалған жүкті келіншекті аудан дәрігерлері шұғыл түрде облыстық перинаталдық орталыққа жіберген. Келіншекке дереу «кесар тілігі» арқылы операция жасалған. Келіншектің туыстары қалаға келгенде, дәрігерлер тәжірибелі болады деп қуанға. Бірақ оларды дәрігермен жолықтыруға рұқсат бермепті.

“Тек нәрестенің кувезде екенін және оның жағдайы ауыр екенін білдік. Бірнеше күннен кейін келін жылап хабарласып, нәрестенің аяғын күйдіріп алғандарын айтты”, - дейді келіншектің туысы.

Медициналық қызметкерлер баладан анализ алу кезінде спиртпен табанын күйдіріп алған екен. Ал дәрігерлер осы уақытқа дейін анасына жөргекті ауыстыруға немесе нәрестені ұстауға рұқсат бермеген. Енді келіншектің туыстары кінәлілердің жауапқа тартылғанын талап етіп отыр.

“Бейшара нәресте жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, ал енді мына жағдай болды! Біз кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеміз!”, - деді ол.

Облыстық перинаталдық орталық бұл оқиға бойынша ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Дәрігерлерлің қателігі үшін тиісті шаралар қолданылатынын айтты.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...

ТЕАТР

Актер үшін интеллектуалды даму маңызды екені сөзсіз. Қазіргі қазақ театр сахнасында режиссерлік бағы...