“Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті” — Тоқаев

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
983

Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның  бастамасымен бекітті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев атаулы күнде әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, ядролық сынақтардан біржолата бас тартуымыз керектігін айтты.

“Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның  бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар" – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада мектеп оқушылары арасында болған жанжал сегізінші сынып оқушысының ауыр жарақат алуымен аяқ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі қазақстандық актер, марқұм Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова тұрмысқа шықты, деп хабарла...