Мұхаммед Салихтың өлеңдер жинағы тұңғыш рет қазақ тілінде «Вал-фажр» деген атпен жырық к...
Қызылордада зорлықтың құрбаны болған қыздың анасы кешірім жасамайтынын айтты
Фото: adyrna.kz
Қызылордада сексуалды құлдыққа ұшыраған оқушы қызға қатысты бопсалау ісі бойынша сот үкімі шыққаны кеше хабарланған. Әзірге бір жігіт сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
– Адвокаттар апелляция беріп жатыр-ау деймін. Себебі ұйымдасқан топ – төрт баланың ішінен оны (сотталған адам) алып тастап, бірінші қылып жіберіп, топтан бөліп тастады, – дейді оқушы қыздың анасы Ақерке.
Оның айтуынша, сотталған адам (Қорқыт ата университетінде заңгер мамандығын оқыған) тергеудегі үш баланың бірінің телефонымен сөйлескен. Сол жерде екі баланың аты аталған. “Бірақ қызымның сол жауабы негізге алынбады, тергеуші де сотқа шақырылды, бір өзі болып сотталып кетті” дейді анасы.
Іс бойынша 11 адам қамауға алынған. Оның ішінде екеуі оқушының сыныптасы, тағы екеуі солардың екі бөлесі.
– Сотталушылардың ішінде мефедрон істеткен килент, бопсалаушы, ұрған боксшы қыздар бар. Екеуі үйқамақта, – дейді ол.
– Қазір арасында емханаға барып жүрміз. Дәрі-дәрмектерін ішіп жүр. Арасында сот болып жатқанда емханаға барып үлгермей қаламыз. Ертең бос күн. Барамыз. Арасында барып жүрміз. Жеке емханаға барып, емделіп жатырмыз арасында, – дейді Ақерке.
Алғаш оқиға жайлы жалпақ жұртқа жария болғаннан кейін ұсталғандардың әке-шешесі келіп, кешірім сұраған. Тіпті біреуінің ата-анасы “қызыңызды келін қылып алайын” деген.
– Ол мүлде миға қонбайды. Баланы жарты жыл бойы қинап, қорлады. “Ақшаңды өтеп берейік” деді. Келіскен жоқпын. Ешкімге кешірім берген жоқпын, – дейді Ақерке.