Жасанды интеллект жазған "мәтін де" таңбалануы тиіс

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
515

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен жасалған видео ғана емес, мәтінге де арнайы белгі қойылуға тиіс. Егер ЖИ жасаған контент таңбаланбаса, азаматтардың өтініші бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғазиз Байтұрсыновтың айтуынша, мұндай талап адамдар жасанды интеллект жасаған контентті шынайы ақпараттан ажырата алуы үшін енгізілген.

"Қазір кез келген адам жасанды интеллектіні қолданып видео немесе мәтін шығарса да, оны таңбалауы тиіс. Яғни астында немесе видеоның өзінде бұл контенттің жасанды интеллект арқылы жасалғаны көрсетілуі керек. Егер қандай да бір контенттің таңбаланбағаны туралы өтініш түссе, тексеру жұмыстарын жүргізуге дайынбыз", – деді Ғазиз Байтұрсынов.

Ал ЖИ көмегімен жасалған контент таңбаланғанымен, оның мазмұнында қауіпті ақпарат болса, бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне жатады.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...