Ұшақтардағы бомба туралы жаппай хабарламалар әбігер туғызды

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

Әлем
26

5 қарашада Еуропада кемінде 12 жолаушылар рейсіне бомба қойылғаны туралы қауіп-қатер хабарламалары түсті. Кейбір ұшақтардың бағыты өзгертіліп, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ал әскери жойғыш ұшақтар бірнеше лайнерді әуеде сүйемелдеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дублиннен Римге ұшқан ұшақ әскери базаға қонды. Ирландияның Aer Lingus әуе компаниясына тиесілі Дублин – Рим рейсі бортта бомба болуы мүмкін деген хабардан кейін бағытын өзгерткен.

Франция әскери әуе күштері жолаушылар ұшағын сүйемелдеу үшін жойғыш ұшақтарын әуеге көтерген. Лайнер әскери әуе базасына шұғыл қонған.

Бомба қойылғаны туралы хабарламалар Италия, Чехия және Болгариядағы басқа да еуропалық рейстерге қатысты түскен.

Бұл бір апта ішіндегі алғашқы жағдай емес. 3 қарашада да бірнеше еуропалық әуе рейсіне осындай қауіп туралы хабарламалар келіп, кейбір әуежайлардың жұмысы уақытша шектелген. Әскери ұшақтар да әуеге көтерілген.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бір-біріне мемлекеттік наградаларын таб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда қызының үйлену тойынан үйіне қайтып келе жатқан ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды, деп...