Қырғызстанда таудағы қар көшкінінен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz а...
Иордания королі Қазақстанның жаңа орденін тұңғыш болып иеленді
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бір-біріне мемлекеттік наградаларын табыстады. Марапаттау рәсімі Иордания басшысының Астанаға ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысы ІІ Абдаллаға “Al-Farabi” орденін тапсырды. Бұл марапат корольдің Қазақстан мен Иордания арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді. Иордания басшысы аталған орденнің тарихтағы алғашқы иегері атанды. Тоқаев мұның символдық мәні зор екенін атап өтті.
Жаңа орден Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің құрметіне аталған. Марапат 2026 жылғы 20 сәуірде Президент жарлығымен тағайындалды. Ол білім, ғылым, мәдениет пен руханият салаларында елеулі жетістікке жеткен Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтарына беріледі.
Өз кезегінде король ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иорданияның ең жоғары мемлекеттік наградасы – “Al-Hussain ibn Ali” орденін табыстады. 1949 жылы тағайындалған марапат Мекке шерифі Хусейн бен Әлидің құрметіне аталған. Президент бұл награданы екі халық арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі ретінде қабылдайтынын жеткізді.