«Еркек болу жасқа қарамайды!»: Ерке Есмахан күйеуі жайлы жазба жариялады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
710

Танымал әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында күйеуі Райм жайлы күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz ақпарат порталы.

Ол күйеуіне алғысын білдірген. 

"Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені “әлемнің ең кереметіне теңеушім” – Райм екенін. @raimusican , барлығы үшін рахмет. Сүйем сені! Тек менде күйеу бардай, “күйеуім күйеуім” деп айта беретінім де осы. Қыздар, сіздерге де дәл осы видеодағыдай қанатыңды қақтырып, биікке ұшыратын жар тілеймін. Еркек болу жасқа қарамайды! Ер адамның ата-анасының жағдайын жасап, сыйлап, жақындарына көмек беріп, әйелі, балаларына қамқор болып, қоғамда өз орынын табу тек санасына байланысты деп білемін. Ер азаматтар аман болсын!", - деп жазды әнші. 

Оқырмандар жұлдызды жұпқа тәнті болып, бақыт тіледі. 

Әлем

5 қарашада Еуропада кемінде 12 жолаушылар рейсіне бомба қойылғаны туралы қауіп-қатер хабарламалары т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания королі ІІ Абдалла бір-біріне мемлекеттік наградаларын таб...