Жамбыл облысы Шу ауданының Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын ал...
Алматыда 180 мың вейп тәркіленді
Фото: freepik
1054
Алматыда электронды темекілерге тыйым салынғанына қарамастан, вейптердің заңсыз саудасын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, тыйым күшіне енгеннен бері қалада вейптердің заңсыз айналымының ондаған дерегі анықталған. Күдіктілер Telegram-арнасы арқылы сатқан. Өнімдер қоймаларда және жасырын орындарда сақталған.
Тергеу барысында 180 мыңнан астам вейп тәркіленді. Олардан түсуі мүмкін табыс 1 миллиард теңгені құрайды.
Күдіктілердің 347 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне шектеу салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.