«Көзімнің қарасы» Нью-Йорктің қақ ортасында шырқалды (ВИДЕО)

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1383

Нью-Йорктің қақ жүрегінде, Oculus-тың ақ күмбезінің астында қазақ әуені пианинода орындалып, көпшіліктің құлағына жетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық блогер Алексей Лодочников Абайдың “Көзімнің қарасы” шығармасын орындады.

“Балалық шақтан таныс қазақ әуені әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам асығып өтетін жерде шырқалды. Сахнасыз, афишасыз. Тек музыка мен сәт қана”, – дейді видео авторы.

Абайдың бала кезден таныс әуені мегаполистің қарбалас көшелерімен асығып өткен мыңдаған жүргіншінің жүрегінен орын тапты. Әлеуметтік желі қолданушылары блогердің ойынына тәнті болып, пікірлерін жасырмады:

“Блин, Алексей, қандай кереметсің, денем тітіркеніп кетті. Патриоттығың үшін рахмет”.
“Талантты адам бәріне де талантты”.
“Алексей, қандай дарындысыз”.

Мәдениет пен туған елдің әуені мұхиттың ар жағында да жүрекке жол таба алады.