Ақмола облысында жаңа босанған әйел өзіне қол жұмсады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1473

Ақмола облысы Бұланды ауданына қарасты ауылдардың бірінде жас ана өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Марқұм жақында ғана босанған. Полицияның хабарлауынша, әйел үйде жалғыз қалған сәтін пайдаланып, ауладағы шаруашылық құрылыстарының бірінде өзіне қол салған. Оның денесін алғаш болып туыстары тауып алған.

Қазір бұл жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша іс қозғалды. Тергеушілер әйелдің мұндай қадамға баруына босанғаннан кейінгі күйзеліс себеп болды ма, әлде басқа психологиялық немесе әлеуметтік факторлар әсер етті ме — соны анықтап жатыр.

Көршілер мен таныстарының айтуынша, марқұм тұрған үйді  ауылдастары тұрмысы түзу, ашық-жарқын отбасы ретінде білетін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелген. Соның ішінде некесін қиған ең қарт ад...

ТЕАТР

Режиссерлік адам бойына жүре даритын, өмір жолында көрген, білгенінен сабақ ала отырып қалыптасқан...