«Реніш болды»: Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1111

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әкесімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әдемі әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, отбасындағы қарым-қатынас жайлы ашық айтты.

“Мен тек өз атымнан жауап беремін: менің папаммен, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Әрине, барлық адамдардағыдай реніштер мен түсініспеушіліктер болды. Бірақ менің әкем біреу ғана, мен оны қандай болса да сол қалпында қабылдаймын. Ең бастысы – ол бізді жақсы көреді. Қазір біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Әдемі бауырларының да әкесімен арақатынасы жақсы екенін атап өтті.

“Бұл Айбым, Айару, Нұриман мен Райымбектің әкемен қарым-қатынасы нашар дегенді білдірмейді. Оларда да бәрі жақсы. Тек олар жабықтау адамдар, әркім өзі үшін сөйлейді”, – деді Тұрсынбекқызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...