Руслан Берденов Алматы қаласының дамыту орталығына басшы болып тағайындалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1241

Руслан Берденов Алматыны қаласының дамыту орталығына басшы болып тағайындалды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұрын Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Берденов енді Алматы қаласының дамыту орталығына басшы болып келді. Оның бұл жаңа қызметі туралы ақпаратты алғаш болып белгілі қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков өзінің Telegram-арнасында жариялады.

"Руслан Берденов Алматыны Дамыту Орталығын басқарды", – деп жазды Әлібеков .

Руслан Берденовтың бұл қызметке тағайындалғаны туралы ақпаратты КазТаг басылымының сауалына Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі де растады.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 2/31 қаулысының негізінде жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен құрылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...