Алматыда оқушылар жаппай төбелесті

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
2078

Алматыда оқушылар жаппай төбелес шығарған, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан оқушылар сауда орталығында жаппай төбелес шығарып, тіпті бір-біріне орындық лақтырғанын көруге болады. 

Алатау аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілген. 

Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне тергеу арқылы құқықтық баға беріліп, ҚР-ның заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады. 

- Сонымен қатар, қылмысқа қатысушылардың ата-аналары балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер оқитын жалпы білім беру ұйымдарының әкімшілігіне қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар жіберілді, дейді полиция өкілдері.  

Оқиғаға қатысушылардың барлығы есепке алынған.

Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша әрбір күдіктіге қатысты материалдар Алатау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады.    

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...