Өз әкесін сотқа берген жасөспірімнің өтініші орындалды

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
234

Батыс Қазақстан облысында аудандық сот қазақстандықтың өз әкесіне қарсы берген талап арызын қарап, талап қоюшының әкесінен оқу кезеңіне алимент өндірудісұраған өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Қазақстандық азамат колледжде күндізгі бөлімде оқитынын алға тартып, оқу мерзімі аяқталғанша әкесінен алимент өндіруді өтінді.

"Істі мәні бойынша қарағанға дейін судья тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін түсіндірді. Талап қоюшы мен жауапкер татуласу келісімін жасасып, оны бекіту үшін сотқа ұсынды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Келісім шарттарына сәйкес, әкесі 2026 жылдың 25 қыркүйегінен 2027 жылдың 25 маусымына дейін ұлына ай сайын 40 000 теңге төлеуге міндеттелді. Келісім жасалғаннан кейін талап қоюшы өз арызынан бас тартты. 

Сот келісімді бекітіп, тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндіре отырып, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.   

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал актер Әбунасыр Серіковтің ұлы Әбілмансұр Серіков әкесінің өзін өнер жолында неге қолдамағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған Әділетхан Молдаханның жақындары апелляциялық сот қарсаңында...