Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген...
Рүстем Жаныамановтың тұңғышы көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі
Актер Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова ауыр қайғыға душар болды. Отбасының тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ult.kz сайтына сілтеп.
Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, марқұмның жақындарына көңіл айтты. Бұл хабар өнерсүйер қауым мен желі қолданушыларының қабырғасын қайыстырып, көпшілік актер отбасының қайғысына ортақтасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен жары Жанаргүл тұңғыштарының денсаулығына байланысты жылдар бойы күрескендерін ашық айтқан болатын. Ерлі-зайыптылар бірнеше сұхбатында ұлдарының ауыр диагнозымен 5-6 жыл бойы арпалысып, барлық күш-жігерін оның сауығуына жұмсағандарын жеткізген еді.