Бүгін Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ы...
Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр жағдайды айтты
Фото: әлеуметтік желі
Әнші Ақбота Керімбекова бала кезінде отбасында болған қиындықтарды еске алып, жүрегінде қалған ауыр естелігімен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі отбасында ұл баланың болмағанына ренжіп, ашуын анасынан және балаларынан шығаратын болған. Үйдегі жанжал мен күш көрсету әншінің бала күніндегі естеліктеріне айналған.
Керімбекова мұндай жағдайдың балаға тигізер әсері ерекше ауыр екенін атап өтті. Себебі отбасындағы зорлық-зомбылықты сырттай бақылап отырған баланың өзі де психологиялық тұрғыдан зардап шегуі мүмкін.
Әнші адамның сырт көзге көңілді әрі бақытты көрінгенімен, оның өткенінде ешкімге айта бермейтін ауыр оқиғалары болуы ықтимал екенін айтты. Осы ретте ол отбасындағы өзара құрмет пен жылы қарым-қатынастың маңызын атап өтті.