Алматы облысында із-түзсіз кеткен адамның анасы көз жұмды

Фото: Instagram.com/ volontery_lider.kz_almobl

ЖАҢАЛЫҚТАР
1187

Алматы облысындағы Lider.kz еріктілер қозғалысы із-түзсіз жоғалған азамат Иван Дудиннің анасынан айырылғанын хабарлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Instagram парақшасында жарияланған жазбада еріктілер марқұмның аты-жөнін атап өтті:

«Смирнова Лидия Владимировна. Қайтыс болған күні – 2025 жылдың 9 қарашасы».

Лидия Смирнова 2024 жылдың қыркүйегінде із-түзсіз жоғалған ұлын соңғы сәтке дейін іздеп өткен. 

Еріктілер ұлына арнаған жүрекжарды жазба арналы.

«Иван Михайлович, бүгін сіздің анаңыз өмірден өтті. Сізге өмір сыйлаған, бәрін арнаған адам енді жоқ. Ол сізді соңғы сәтіне дейін іздеп, үміт үзбеді. Егер бұл жазбаны көрсеңіз, анаңызбен қоштасуға келіңіз. Тек есіңізде болсын, сіз оған керек едіңіз», – делінген жазбада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман Назарбаевтың үйленетіні...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Министр бұл шешімді әлдеқашан қабылдап қойған, алайда өз шешімін енді ресми түрде тіркеуді жөн көрге...