Ғылым және жоғары білім министрлігі Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев университет ашады...
«Саясаткерлер кетеді, GGG қалады»: Қуат Хамитов Головкинді сынағандарға жауап берді
коллаж: MadeniPortal.kz
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Геннадий Головкинді сынап жүргендерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Спортшы кейінгі уақытта Головкиннің атына сын айтатындардың көбейгенін байқап жүргенін айтып, оның қазақстандық спортқа сіңірген еңбегін атап өтті.
«Соңғы кезде Генаны әркім бір түйреп қалғысы келетінін байқап жүрмін. Бірақ Геннадий Головкин бар жетістігіне орасан еңбектің арқасында жетті. Ол жылдар бойы елімізді әлемге танытты. Мұны оны сынап жүрген кейбір саясаткер мен журналистің өзі істей алған жоқ», – деп жазды Қуат Хамитов.
Сонымен қатар Хамитов Головкиннің қазіргі таңда қабылдап жүрген шешімдеріне де тоқталды. Оның пікірінше, спорт саясаттан бөлек болуы керек.
«Қазір Гена батыл шешімдер қабылдап жүр, өйткені ең басты қағиданы ұмытпайды: спорт саясаттан тыс болуы керек. Саясаткерлер кетеді, ал GGG есімі тарихта алтын әріппен қалады», – деді спортшы.
Осылайша Қуат Хамитов Геннадий Головкиннің ел спортына қосқан үлесін жоғары бағалап, оның жетістіктері ұзақ жылғы еңбекпен келгенін жеткізді.