Жамбылда әріптесінің үйінен екі рет алтын ұрлаған мұғалім сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
204

Жамбыл облысында өз әріптесінің үйіне екі мәрте заңсыз кіріп, алтын әшекейлерін ұрлаған мұғалімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Іс материалдарына сәйкес, жәбірленуші де мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Өткен жылы оның туған інісі үйдің кілтін сұраған сәтте әріптесі кілттің қайда сақталғанын байқап қалған.

Бірнеше күннен кейін күдікті жұмыстан ертерек шығып, кілтті алып, әріптесінің үйіне кірген. Алғашқы жолы алтын алқа мен сақинаны ұрлап кеткен. Ешкім күмәнданбаған соң, араға бірнеше күн салып қайта келіп, тағы бір алтын алқа мен білезікті қолды қылған.

Сот әйелді 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда оның 14 жасқа толмаған қызы бар болғандықтан, жаза өтеу мерзімі қызы 14 жасқа толғанға дейін 3 жылға кейінге қалдырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері деп таныстырған авторлар Презид...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы перзентханалардың бірінде сирек жағдай тіркелді. 29 жастағы әйел...