Сәкен Бибосынов тағы жеңіліп қалды

Фото: Olimpic.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2256

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында өзбек спортшысынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сәкен Бибосынов жарысты ширек финалдан бастады. Оның алғашқы қарсыласы өзбек боксшысы Асилбек Жалилов болды. 51 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Жалилов жеңіске жетті.

Асилбек Жалилов – Өзбекстанның төрт дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы және күміс жүлдегері. Ал Сәкен Бибосынов – әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...