Жазушы Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
395

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Жаппасұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына көңіл айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырларын терең бейнелеген бедерлі қаламгер еді. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.

«Еркін Жаппасұлының жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын», – делінген көңіл айту жазбасында.