Мектеп мұғалімі сабақ үстінде ұятсыз видео көріп отырған жерінен ұсталды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
3003

Башқұртстанда сабақ үстінде порно көрген мұғалім мұны оқыс оқиға деп түсіндірді. Ол электронды журналға кіргісі келгенін, бірақ басқа сайтқа өтіп кеткенін айтып ақталды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Нефтекамск әкімшілігінің білім бөлімі физика пәнінің мұғалімімен кездесу өткізді. Мұғалім күнделікті жұмысына қатысты кіріп жүрген интернет-журналдың сілтемесін басқанда экранда ұятсыз суреттер пайда болғанын айтты.

Ер адам мұндай жағдайды мүлдем күтпегенін айтты. Ал ұстаздың еңбегін мектебінде жоғары бағалайды. Ол 40 жылдай еңбек етіп келеді, оның үстінен бүгінге дейін бірде-бір рет арыз түспеген.

Бұл жағдайға қатысты тағы бір болжам да айтылады. Барлығына жетінші сынып оқушылары кінәлі. Олар компьютерге түрлі бағдарламалар орнатып, мұғалімді оқыс жағдайға қалдырған.

Мұғалімнің браузердегі кірген сайттарын қарау үшін ноутбугы тәркіленді. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады деп күтіліп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақсат Толықбай Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің қабырғалары тұзданып, көгеріп, төбесінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...